11 Тамыз, 2015

Көші-қон жайы қаралды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
көші конПрезиденттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің «Қазақстан Республикасының көші-қон және демография саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті. Отырысқа Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минис­­трі Т.Дүйсенова, Президент Әкім­шілігінің құрылымдық бөлім­шелерінің және орталық мемле­кеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты. Шара барысында сыртқы және ішкі көші-қон, демографиялық саясат Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары екендігі атап өтілді. Қатысушылар Қазақстанның көші-қон және демография саясатын қалыптастыру мен оны іске асырудың тиімділі­гін арттыруға ғылыми, сараптама­лық қолдау көрсету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекетіміздің эконо­ми­ка­лық дамуын ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу, ішкі көші-қонды оңтайландыру жө­нінде арнайы ұсыныстар енгізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдар жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар берілді. «Егемен-ақпарат».