Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Эймс бөлмесі

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл бөлме – ХХ ғасырда жасалған ең ерек­ше оптикалық иллюзиялардың бірі. Сырт көзге ол кәдімгі бөлмеден еш айыр­­машылығы жоқ сияқты көрі­неді. Бірақ оның ішіне кірген адам сол жақ­қа қадам жасаса – алып, оңға қарай жүрсе, кішкентай болып көрінеді.

Эймс бөлмесі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бұл құбылыстың сыры – бөлменің геометриясында. Эймс бөлмесі төртбұрыш емес, қабырғалары, төбесі мен едені белгілі бір бұрышпен жасалып, кеңістік трапеция пішінін алады. Адам миы мұндай кеңістікті автоматты түрде шаршы бөлме деп қабылдайтындықтан, тереңдік пен қашықтықты дұрыс бағалай алмайды. Сол себепті бөлмеде тұрған екі адам әртүрлі жерде орналасса да, көзге бойлары түрліше болып көрінеді. Ал айырмашылықты тудыратын кеңістіктің жасырын құрылымы мен миымыздың оны түзетуге тырысуы.