21 Ақпан, 2015

Тағайындаулар

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының  Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы қызметіне; Татьяна Витальевна Охлопкова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  мүшесі қызметіне тағайындалды.

 Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.