21 Ақпан, 2015

Қанат Исламның келесі ұрысы өтетін күн анықталды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-02-15-kanat_islam-1

АСТАНА. 21 ақпан. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның демеушісі, меценат Бауыржан Оспанов атлеттің келесі жекпе-жегі өтетін уақытының белгілі болғанын айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. «Қазір Қанат Ислам Америкада жаттығып жатыр. Оның келесі жекпе-жегі 23 наурыз күніне белгіленді. Бірақ әзірге қарсыласының кім болатыны белгісіз. Ол WBC бокс ұйымы рейтингінің жоғары орнында тұр. Енді бір жекпе-жекті сәтті өткізсе, үздіктер бестігіне кіреді. Спортшы мен оның командасында ешқандай қаржылық проблема жоқ», - деді Оспанов. Айта кетейік, жекпе-жек Доминикан Республикасында, Колумбияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Қанат Ислам кәсіпқой алаңдағы жекпе-жектерінің барлығын Эквадор, Колумбия және Доминикан Республикасы елдерінде өткізіп келді. Алайда, оның промоутері кіші Нельсон Лопес Қанаттың келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеді. Бүгінде жасы 30-ға келген Қанат Ислам кәсіпқой рингте 18 рет ұрыс өткізіп қойды. Ол WBA Fedelatin атағының жеңімпазы. Бұған дейін Қанатпен аргентиналық Гуидо Николас Питто жұдырықтасатын болып шешіліп еді, бірақ кейін ұрыстың болмайтыны хабарланды. Дамир Қожамқұл.