ЭКСПО-2017 көрме кешенін көруге келді
Энергиямен жабдықтау, орталықтан жылыту және телекоммуникациялар саласындағы «жасыл» технологиялармен айналысатын RTS неміс компаниясының қызметкері Фолькер Штюве ЭКСПО-2017 құрылыс алаңына арнайы сапармен келді. Шілденің басында ол туған қаласы Билефельдтен (Германия) шығып, Астанаға дейінгі 5 200 шақырымдық жолды жарыс велосипедімен жүріп өтті.
Штювенің осындай саяхатқа шығуының басты мақсаты – Астанада өтетін халықаралық көрменің салынып жатқан нысандарымен танысып, негізгі тақырып «Болашақтың энергиясы» туралы көп мағлұматтар алу.
Велосипедші 40 күнге созылған саяхатын 4 шілде күні RTS компаниясының Билефельдтегі штаб-пәтерінен бастады. Балтық елдері мен Ресей аумағын басып өткен ол 8 тамызда Астанаға жетті. Оны «Екатеринбург-Астана» тасжолында бір топ жергілікті велосипедші қарсы алып, елорданың орталық көшелерімен жүріп өтті. Саяхатын көрменің құрылыс алаңында аяқтаған Штювені ол жерде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері күтіп тұрды.
«Біз сізбен ЭКСПО-2017 аумағында қауышқанымызға қуаныштымыз. Сіз экологиялық таза көлік және жасыл технологиялар дәуірі басталғанының жарқын үлгісін көрсетіп отырсыз. Астанада өткізілетін көрме тәжірибе алмасу мен инновациялық жетістіктерді көрсетуге арналған жаһандық алаңға айналатын болады», – деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілі Сәуле Бөлебаева.
Сондай-ақ, құрылыстың қарқыны туралы әңгімелеген ол қонаққа арнайы естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан бөлек, неміс велосипедшісі салынып жатқан нысандармен танысып, кешенді аралап көрді.
Веложорықтың соңғы 100 шақырымында Штювеге оның әріптесі, RTS компаниясының басшысы Дирк Шаумбург қосылды. Компанияның геотермалды жылу-
мен қамтамасыз ететін өнімі ЭКСПО-2017 нысандар құрылысында пайдаланылады деп жоспарланған. Бұл технология салынып жатқан ғимараттарда қолайлы ауа ортасын қалыпта ұстау үшін тереңдігі 120-130 метрлік 85 ұңғыманы бұрғылау кезінде қолданылатын болады. Көрме кешенінің нысандары ішінде бірінші болып аяқталуы тиіс «Көрмені ұйымдастыру кеңсесінің» құрылысы біткеннен кейін аталған технологияның артықшылықтарын толық бағалауға мүмкіндік туады.
«Құшақ жая қарсы алып, экскурсия ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Қазірдің өзінде ЭКСПО-2017 жобасы өзінің ауқымымен, мақсаты биік жоспарларымен таңғалдыруда. Маған нысандарды 2017 жылы салынып біткен күйде көру аса қызықты болып тұр. Сондықтан екі жылдан кейін отбасыммен Астанаға міндетті түрде келемін. Қалаға кірген бойда қолға алынған бастамалардың ауқымды екенін байқадым. Дегенмен, сіздерді алда әлі талай жұмыстар күтіп тұрғаны белгілі. Келешектегі игі істеріңіздің нәтижесі күткендегіден асып түсетініне сенімдімін. Кешенмен танысқаннан кейін Қазақстанның құрылыс барысында қуат көзінің тиімділігіне және экологиялық таза өнім мен технологияларды қолдануға айрықша мән беріп отырғанына көз жеткіздім», – дейді Фолькер Штюве.
ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» екендігін назарға алған неміс саяхатшысы өзінің веложорығын экологиялық таза технологияларды қолдануға қосқан үлесі деп есептейді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18