Аймақтар • Кеше

Түркістан: Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 5 ауыл ауыз сумен қамтылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе және Сарқырама, Жаңақұрылыс елді мекендерінде ауыз су жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан: Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 5 ауыл ауыз сумен қамтылды

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Жібек жолы ауылдық округінің 5 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бүгін пайдалануға берілген ауыз су жүйесі шамамен 16 мың абонентке сапалы су жеткізуге қауқарлы. Ауыз су құрылысын «FS Development Group» ЖШС жүргізді. Аудан тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар алдағы уақытта да жалғасын табады», деді ауыз су жүйесінің іске қосылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданында 54 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Яғни ауыз сумен қамту көрсеткіші – 85,7%.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025