Спорт • Кеше

Жаттықтырушы Жетібаевқа құрмет көрсетілді

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық үлкен жиыннан кейін аудан орталығынан шалғай жатқан Қопа ауылына қарай жырыла бөлініп шыққандағы мақсатымыз – белгілі жаттықтырушы Жұман Жетібаевтың құрметіне арналған аудандық волейбол жарысын көріп қайту еді, деп жазады Egemen.kz.

Жаттықтырушы Жетібаевқа құрмет көрсетілді

 

Жұман Асқарұлы педагогикалық және жаттықтырушы ретіндегі еңбек жолын 1982 жылы бастаған екен. Содан бері табан аудармай, ұзақ жылдар бойы жеңіл атлетика мен волейболдан аудандық, облыстық және республикалық жарыстардың талай жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген майталман бапкер. Бүгінде ол зейнетке шығып, Қопа ауылында тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары мен шәкірттері оның еңбегіне деген алғысы бөлек.

Сөйтіп Аягөз ауданының зор құрметіне ие болған жаттықтырушы Жұман Асқарұлына арналған аудандық волейболдан ашық турнирге Емелтау, Өркен, Ақши, Қосағаш, Қопа ауылдары, Ақтоғай кенті және №8 мектеп, С. Сейфуллин атындағы мектеп ұжымдарынан құралған үздік сегіз команда сайысқа түсті.

Тартысқа толы болған доп додасында Қопа ауылының құрама командасы I орын иленсе, II орын Өркен ауылының құрама командасы, III орын Емелтау құрама командасы болды.  Турнирге қаржылай қолдау көрсеткен KAZ Minerals Aktogay компаниясының атынан жеңімпаз атанған І орынға – 300 мың, ІІ орынға – 200 мың, ІІІ орынға – 100 мың теңге ақшалай сыйлықтармен және жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен марапатталды.

Құрмет пен алғыс белгісі ретінде шәкірттері белгілі жаттықтырушы  сыйлы Жұман Жетібаевқа иығына шапан жауып, астына ат мінгізді.

«Бұл Жұман Асқарұлының ел спортын дамытуға және жас буынды спортқа тәрбиелеуге қосқан көпжылдық еңбегіне көрсетілген құрмет. Бұл тек кәсіби спорт қана емес, бұқаралық спортты дамытуға жасалып жатқан іс-шара. Оған қаржылай қолдау білдіріп жатқан демеушілерге алғыс айтамыз. Турнир жоғары деңгейде өтті», дейді ұйымдастырушылар.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07