АСТАНА. 21 ақпан. Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при сайысында қазақ дзюдошысы Рустам Ибраев қола жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жарыстың алғашқы күні кілемге шыққан Рустам 60 кило салмақ дәрежесінде бақ сынады. Бірінші белдесуінде ұлыбританиялық Эшли Маккензиді вазари әдісімен жеңді. Келесі тартыста жапон палуаны Наохиса Такатоны иппонға түсіріп, таза жеңіске қол жеткізді. Ал ширек финалда оңтүстіккореялық Ким Вон Джинге есе жіберіп, қарсыласының финалға шығуын тіледі. Қуанышымызға орай, кәріс спортшысы шешуші айқасқа жолдама алып, Ибраев жұбаныш белдесуде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Бұл сында қазақ дзюдошысы франциялық Винсент Лимарені таза жеңіспен жеңсе, қола медаль үшін болған тартыста Грузия сенім артқан Амиран Папинашвилиді де иппонға түсірді. Осылайша, Рустам жарыстың алғашқы күні ел қоржынына қола жүлде салды.
Бұл салмақта тағы бір жапониялық дзюдошы Тори Шишиме жеңімпаз атанды. Ол финалда Ким Вон Джиннен айласын асырды. Шишиме алғашқы айналымда біздің Елдос Сметовты жеңіп, Инчхонда өткен Азия ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарғанын айта кетейік.
Дәл осы күні кілемге шыққан Айгүл Байкөлева (48 кило) мен Жансай Смағұлов (66 кило) ширек финалға жете алмады.
Еламан Қоңыр.
Дерек egemen.kz.
Сурет: vk.com.

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 20:59
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36