Сурет: qyzpu.edu.kz
Заң мен тәртіпті кеңінен насихаттауды көздеген спорттық іс-шараға жергілікті ардагерлер мен жастар және жасөспірімдер қатысты. Турнирді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы қалалық Тоғызқұмалақ спорты зияткерлік федерациясымен бірлесе ұйымдастырған.
Жарыс қорытындысында ер ардагерлерден бірінші орын – М.Аяпбековке, екінші орын – М.Уажановқа, үшінші орын – М.Каримовке, төртінші орын А.Чуримбаевқа бұйырды. Әйел ардагерлер арасында бірінші орынды – А.Омарова, екінші орынды – К.Ахметова, үшінші орынды – Ә.Жұбатқанова, төртінші орынды Н.Оразбаева жеңіп алды.
9 жасқа дейінгі жасөспірім-дер арасында алғашқы төрт орынға Қ.Ернатұлы, С.Хажибаев, А.Рахимжанова, С.Балташев лайықты деп танылды. 13 жасқа дейінгілер арасында И.Мейрамхан, С.Садықов, А.Шамшиева үздіктер қатарынан көрінді. Ал жастар мен ересектер арасында ұлдардан А.Исатай, Б.Нұржан, Ә.Махмұтжан, Ә.Таңқаев, қыздардан Ж.Шамшиева, М.Садықова, Б.Қайырбек жеңімпаз атанды.
Барлық жүлдегерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.