Спорт • Бүгін, 09:17

ПСЖ Мбаппеге 61 млн еуро өтемақы төлейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның атақты шабуылшысы Килиан Мбаппе сот шешімімен бұрынғы клубы «Пари Сен-Жерменнен» 61 миллион еуро өтемақы алады. Бұл сома төленбеген жалақы, бонустар мен ақылы демалыс ақысын қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПСЖ Мбаппеге 61 млн еуро өтемақы төлейді

Фото: Ашық дереккөз

Килиан Мбаппе ПСЖ-де жүргенде келісімшарт бойынша алуы тиіс қаржыны ала алмай қалған еді. Футболшы сотқа жүгініп, үш айлық жалақысы мен бонустарын, сондай-ақ ақылы еңбек демалысына төленетін соманың толық өтелуін талап еткен. 

Сот шешімін мойындаған ПСЖ ресми мәлімдемесінде бұрынғы ойыншыға кәсіби мансабында табыс тілеп, шешімді орындауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар клуб қайта шағымдану құқығын сақтап отыр.

Соңғы жаңалықтар