Фото: Видеодан алынған кадр
Украинада туып, Жамбыл облысының Бірлесу-Еңбек ауылында тамыр жайған Иван Ильницкий – отандық футболдағы бірегей тұлға. Ол көптеген жасөспірімнің бойындағы жасырын қабілетті дөп басып тани білуімен ерекшеленеді.
Бапкердің тәрбиесін көрген Бауыржан Исламхан, Бақтияр Зайнутдинов, Артур Шушеначев, Мұхамеджан Сейсен, Ғалымжан Кенжебек, Дәурен Жұмат, Әрсен Әшірбек және Дінмұхамед Қараман бүгінде кәсіби деңгейде биік белестерді бағындырып келеді.
Маманның сөзінше, ең мықты ойыншылардың көбі кездейсоқ табылған.
«Бауыржан Исламхан мен Ғалымжан Кенжебекті ауладан, ал Мұхамеджан Сейсен мен Дәурен Жұматты мектептен тапқанмын», дейді бапкер.