Ғалам ғажаптары • Кеше

Шапшаң тілмаш

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Google» енді құлаққап арқылы сөйлескен сөзді лезде аударып отыратын функцияны іске қоспақ. Жаңалық «Google Аудармашы» қосымшасында жұмыс істейді, яғни әңгіме үстінде айтылған сөз бірден екінші тілге ауысып, құлаққаптан естіліп тұрады.

Шапшаң тілмаш

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ең қызығы, жаңа жүйе адамның интонациясы мен сөйлеу ырғағын сақтауға тырысады. Соның арқасында әңгіменің мазмұнын түсіну және кім сөйлеп тұрғанын ажырату жеңілдейді. Аталған жүйе әзірше 70-тен астам тілді аударады. Қазір бұл мүмкіндік АҚШ, Үндістан және Мексикадағы кейбір «Android» қолданушыларына ғана қолжетімді.

 

Соңғы жаңалықтар

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00