Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

10 жастағы құтқарушы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2004 жылы болған жойқын цунами кезінде Таиланд жағажайында демалып жатқан жүз шақты туристің бірде-бірі зардап шеккен жоқ. Бұған 10 жастағы ағылшын оқушысы Тилли Смиттің дер кезінде жасаған әрекеті себеп болды.

10 жастағы құтқарушы

Сурет ашық дереккөзден алынды

Тилли демалысқа шықпас бұрын география сабағында цунамидің белгілерін оқып жүрген. Сол себепті ол жағажайда теңіздің кенет шегініп, судың бұрынғы деңгейінен күрт төмендегенін көрген сәтте қауіпті бірден аңғарған. Оқушы қыз ата-анасына мұның цунами алдындағы аса қатерлі белгі екенін ескертіп, бұл жақтан тез кету керектігін айтады. Тиллидің табандылығы көпшілікті де ойландырған. Ата-анасы қонақүй қызметкерлеріне ескертіп, туристерді қауіпсіз жерге шұғыл шығаруға көмектеседі. Аз уақыттан соң, алып толқын соғып, жағалауды су басқанымен, алдын ала жасалған эвакуацияның арқасында жүздеген адам аман қалған. Кейін Тилли БҰҰ мінберінде сөз сөйлеп, оның құрметіне шағын ғаламшарлардың бірі аталды.

Соңғы жаңалықтар

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00