Сурет ашық дереккөзден алынды
Роботтакси қызметін «Karwa» мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. Такси келгеннен кейін де онымен байланыс толығымен қосымша арқылы жүргізіледі. Яғни қозғалысты бастау, сапарды басқару және өзге де әрекеттердің бәрі смартфондағы қызмет арқылы орындалады. Мамандар бұл бастаманы автономды көлікті дамытудағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр. Жоба Қатардың «Qatar National Vision 2030» атты кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асып, елдің Көлік министрлігінің бақылауымен іске асырылып жатыр.