Спорт • Бүгін, 09:52

Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын қайталады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе 1 жыл ішінде салынған голдар көрсеткіші бойынша корольдік клубтың бұрынғы аңыз ойыншысы Криштиану Роналдумен теңесті, деп жазады Egemen.kz.

Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын қайталады

Фото: instagram.com/433

Килиан Мбаппе Ла лиганың 17 туры аясында «Реал Мадрид» – «Севилья» арасындағы ойынның 89-шы минутында пенальтиден гол соқты. 

Осылайша ол Криштиану Роналдудың 1 маусымда соққан 59 голдық көрсеткішін қайталады. 

Ал Криштиану Роналду мұндай рекордты 2013 жылы, осыдан 12 жыл бұрын орнатқан болатын.

Килиан Мбаппенің осы жетістігінен кейін Роналду Мбаппенің әлеуметтік желідегі жазбасының астында пікір қалдырып қолдау білдірді. 

Айта кетейік, биыл Мбаппе аталған көрсеткіш бойынша Роналдуды басып оза алмайды. Себебі «Реал Мадрид» 2025 жылға жоспарланған барлық ойынын өткізіп қойды. 

 

Соңғы жаңалықтар