11 Тамыз, 2015

Қостанайда ат спорты жарысынан облыстық чемпионат өтті (фото)

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-08-2015-kostanay 01ҚОСТАНАЙ. 11 тамыз. Қостанай облысында ат спорты түрлерінен облыстық чемпионат өтті. Онда Қостанай ауданының спортшылары барлық қарсыластарынан басым түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ат спорты түрлерінен Қостанай ауданының Заречный селосындағы «Арғымақ» атшабарында өткен облыстық чемпионатқа 12 ауданнан шабандоздар мен спортшылар қатысты. Чемпионат бағдарламасы ат спортының қыз қуу, аударыспақ, көкпар, теңге алу, сонымен қатар 2 400, 3 200, 12 000, 24 000 метр қашықтыққа шапқан бәйге түрлерін қамтыды. Осы жарыстардың барлығында да командалық есеп бойынша Қостанай ауданының спортшылары басымдық танытты. Мысалы, қыз қууға Қостанай ауданы мен Сарыкөл ауданынан екі жұп шықты. Қостанайлық Айсара Асан сарыкөлдік Дәулет Балкенов мен Гүлмира Жақыповадан басым түсті. Аударыспақта спортшылар 60 кг., 70 кг., 80 кг. және 90 кг. салмақта бәсекеге түсті. Онда Денисов ауданынан келген Дидар Мұстафин (60 кг.), Қостанай ауданының мықтысы Бауыржан Коянбаев (70 кг.), тағы Қостанай ауданының өкілі Дархан Салманов (80 кг.) және Денисов ауданының тумасы Айдос Жұмағұлов (90 кг.) жеңімпаз атанды. Көкпардан Қостанай ауданының көкпаршыларына ешкім шақ келмеді. Аламан бәйгеде наурызымдық атбегі Сәкен Қармановтың арғымағы бірінші болып мәрені қиды. Сонымен жалпы есепте Қостанай ауданының командасы 64 ұпай жинап, топ жарды. Екінші орынды Қарасу ауданы алса, үшінші орын сарыкөлдіктерге бұйырды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz. Сурет: ng.kz. 11-08-2015-kostanay 02 11-08-2015-kostanay 03