Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025

«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арыз иесінің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деген желеумен 9 млн теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді

Фото: Polisia.kz

Жедел тергеу іс-шаралары барысында осыған ұқсас бірқатар алаяқтыққа қатысы бар 40 жастағы күдікті анықталған. 

Тергеу мәліметтерінше, ол ипотекалық несие рәсімдеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе қаражат салуға көмектесемін деп азаматтардың ақшасын жымқырып отырған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35