Спорт • Бүгін, 16:55

Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастап тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратэ спорты бойынша қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай дүниежүзілік рейтингтегі бірінші орнын сақтап тұр. 2023 жылы каратэден жаһандық жарыста топ жарған ол 50 келі салмақ дәрежесінде көшбасшылығын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Фото: olympic.kz

М.Жаңбырбай 2021 жылы Азия чемпионатында алтынан алқа тақса, араға екі жыл салып күміс жүлде жеңіп алды.

Сондай-ақ, Ханджоудағы Азия ойындарында 2-орын алса, 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, шеберлігін шыңдады.

Сонымен қатар, 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Софья Берульцева +68 келі санатында 2-ші орнын сақтап қалды. 61 келі салмақтағы спортшы Әсел Қанай да рейтингтің 2-ші сатысына жайғасқан. Ол Каирде өткен әлем чемпионатында қоланы қанағат тұтқан еді.

Жылдың бастапқы тұсында Мөлдір Жаңбырбайдың рейтингте 1-орынға көтерілгенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35