Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025

Үстіртте дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңіріндегі Үстірт жазығында орнатылған фототұзақтар дала мысығын түсіріп алған. Бұл туралы еліміздің биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Үстіртте дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды

Фото: Видеокадр (Lada.kz)

Алынған бейнежазбалар сирек әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыштың табиғи ортада бар екенін айғақтайды. Сондай-ақ бұл дерек Үстірт экожүйесінің әлі де сақталғанын көрсетіп отыр.

Экологтардың айтуынша, дала мысығы табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол кеміргіштер мен ұсақ жануарлардың санын реттейді. Алайда, аталған түрге мекен ету аумағының тарылуы, браконьерлік, табиғи аумақтардың тозуы зор қауіп төндіріп отыр.

Айта кетелік, Қазақстанда дала мысығы мемлекеттік қорғауға алынған.

Еске салайық, бұған дейін сирек кездесетін Түркістан сілеусінінің бейнежазбаға ілінгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар