25 Маусым, 2015

Күткен күн

408 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ВТО-2Бір арнаға жұмылдырылған ортақ ғаламдық еркін нарық ­болуын талап ететін әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму ағымдарына байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымы үлкен маңызға ие. Көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және институттық негізі болып табылатын ДСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Алғашқы кезде оған 77 мемлекет кірсе, қазіргі таңда 161 ел мүше болып отыр. Ұйымға мүше елдердің үлесі әлемдік тауар айналымының 95 пайызын құрайды. Дүниежүзілік сауда­­ ұйы­мының басты міндеті іркіліссіз халық­аралық сауда-саттыққа мүмкін­дік­тер жасау болып табылады. Да­мыған елдердің бас­тама­сымен құрылған аталған ұйым халықаралық сауда-саттықта эконо­ми­калық өсім мен адам­дардың тұрмыс тіршілігін жақсартуға ықпал етеді деп есептеледі. Бұл ретте саудада кемсітушілікке жол бермеу, ондағы кедергілерді азайту, тұрақты­лық пен сауда шар­тының алдын ала бол­жам­дылығы, халықара­лық саудадағы бәсекелестікті ынта­ландыру, жо­ғары да­мымаған мемлекеттер үшін халық­аралық саудада жеңіл­д­іктер жасау секілді бірнеше бағыт­­тарды ұстанатын ДСҰ ереже­лері мемлекетаралық сауда бары­­сын­дағы кедергілерді болдырмауға негізделеді. ВТО Еліміздің Дүниежүзілік сау­да ұйымына кіру үдерісі 1996 жылдың 26 қаңтарында ДСҰ Хатшылығына ДСҰ-ға кіру туралы ресми өтінішін беруінен басталған болатын. Осы ретте сол жылдың ақпанында мемлекетімізге ДСҰ-дағы бақылаушы ел статусы берілген еді. 19 жылдық тарихы бар келіссөздер үдерісі үш кезеңнен тұрады. 1996-2000 жылдар аралығында ақпараттық-дайындық кезең басталды. Осы мерзім ішінде жұмыс тобының үш мәжілісі және екіжақты келіс­­­­сөз­дердің екі раунды өтті. Ал 2001-2003 жылдарды басты немесе негізгі кезең деуге болады. Бұл уа­қыттарда жұмыс тобының үш мәжілісі және екіжақты келіс­сөздердің жеті раунды өтсе, 2003 жылы мемлекетіміз ДСҰ-ға кіру үде­рісінің ақпараттық мерзімін аяқ­­тап, ұйымға мүше болудың не­гіз­гі шарт­тарын анықтайтын ұйым­ға мүше елдердің жұмыс тобы­мен жүзеге асатын келіссөз үде­рі­сінің активті фазасына өткен еді. Ал 2004 жыл мен бүгінгі кезең аралығын аяқталушы кезең деп санауға болады. Бұл кезең келіс­сөздердің алға басуын қамта­масыз ететін шараларды қолдану кезеңі болып саналды. Аталған ұйымға мүше болуға ниеттілік елдің әлемдік экономикаға интеграция үдерісін кеңейту және күшейтуге бағыт­­­­талады. Әсіресе, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тауарлары­­ның саудасында тарифтік және тариф­тік емес кедергілерді төменде­ту, сауда дауларын тиімді түрде жан-жақты реттейтін механизм орнату, қазақ­стандық тауарлар мен қызмет­тердің экспорты үшін әлемдік нарыққа жол ашу, елде сауда-инвес­тициялық орта құру мақсатын­дағы мемлекетіміздің бұл ұйымға кірудегі мүмкіндіктері молая түсті. Биылғы жылдың 22 мау­­­сы­мында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстанның Дүние­жүзі­лік сауда ұйымына мүше болып кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жариялауына байланысты, сарапшылар арасында қызу пікірталас өрбігені рас. Шын мәнінде, экономикасы дұрыс жолға қойылған елдер үшін осы ұйымға мүшелік ету – мол мүмкіндіктерге жол ашып, экономика саласы қажет ететін басымдықтарға жауап болары сөзсіз. Еліміздің жаһандық экономикалық үрдістерге толы­ғымен сәйкес даму жолындағы экономикасы тұрақты ел болуы үшін де халықаралық стандарттарға сай келетін мықты мемлекет болып қалыптасуы барысында ДСҰ-ға мүше болудың үлесі үлкен, салмағы орасан. Сол себепті де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұйымға мүшелік етудің ел экономикасы үшін маңызды екендігін халыққа Үндеуі кезінде тағы да айтып өтті. «Бүгін Женевада Жұмыс тобының финалдық отырысы болды, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны туралы ресми хабарланды. Бұл оқиға – біз үшін тарихи сәт. Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады», – деген болатын Елбасы. Бұл ретте 19 жыл бойы келіс­сөздері жүргізіліп келген ДСҰ-ға мүше болу – Қазақстанның үлкені жеңісі екендігін мойындау қажет. ДСҰ-ға кіру барысында инвестицияның перспективасы жақсарып, технологияның, тауарлар мен қызметтердің және инвестицияның ішкі нарықта кеңеюі ұлттық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».