Қоғам • Бүгін, 16:53

Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Интернет пен ақпараттың кең таралуына байланысты балалардың басым көпшілігі Аяз атаның барына күмән келтіреді.  Дегенмен кейбір кішкентай балалардың мерекелік атмосфераға және қалыптасып қалған дәстүрге орай сенімі сетінемеген, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?

Фото: moreulybok.ru

Сенгіш балалар неге азайды?

Көптеген ересек адамдар бір кездері осы бір бейтаныс кейіпкерге имандай сеніп, жаңа жыл жақындап қалғанда Аяз атаға арнап небір тақпақтар жаттайтынын айтып жүр. Олардың көбі бала кезінде Аяз атаның барына сенген. Есейе келе сыйлық алу сиреп, оның танысы екенін біліп, сенімдері жоғалған. Олардың айтуынша, қазіргі балалар Аяз атаға сенбейді.

Оған басты себептің бірі ақпараттың қолжетімділігі болса керек. Ғаламтор кеңістігіндегі видеолар, «Аяз атаның кім екенін білу» тақырыбындағы ақпараттар балалардың ойларын өзгертеді. Ата-аналары немесе достарымен арадағы ашық әңгімелер арқылы да  шындықты ерте біліп қояды. Оған қоса, заманауи тәрбие бағыттарын ұстанған ата-аналар балаларды алдаудан гөрі, шындықты жеткізуге тырысады. 

Аяз ата жағымсыз кейіпкер болған ба?

Аяз ата жыл бастауы мерекесін тойлау дәстүрі пайда болмас бұрын бар болған қаһарман деген де түсінік бар.

Қайтыс болған адамдар өз тайпасын қорғап, мал-жан амандығын қамтамасыз ететіні туралы наным-сенім бағзы замандарда болған. Осы көмектеріне алғыс айтып және келер жылы да ұмытпасын деген ниетпен жаңа жыл түні жастар көшеге шығып Аяз атаны күтсе, үлкендер тағамдар пісіріп, далаға шығарып қояды екен. Себебі адамдардың ұғымында Аяз ата бастапқыда өте қатал, жауыз, адамдарға үскірік борандар жіберіп, мұз етіп қатырып тастайтын жағымсыз кейіпкер болған.

Мерекені қалай қолжетімді бағаға тойлауға болады?

Бір қызығы, біздің ұғымдағы Аяз ата сыйлық алатын емес, керісінше сыйлық алып келетін тұлға. Ғалымдар осы түсініктің қашан әрі қалай пайда болғанын нақты айта алмай отыр.

Бәзбіреулер Санта Клаус пен Аяз атаны атаулары бөлек болғанымен заты бір қаһарман деп ойлап жүр. Бұл – мүлде дұрыс емес. Аяз ата – қыстың, аяз бен ызғырықтың билеушісі. Ал Санта Клаус – V ғасырда Грецияда өмір сүрген Николайдың прототипі, яғни ойдан шығарылған кейіпкер.

Балалар Аяз атаға неше жасқа дейін сенеді?

Жаңа жыл – балалар үшін көптен күткен сыйлықтарын алып мәз болатын ерекше мереке. Ал, ересек адамдардың ойларынша, әр келетін жаңа жыл әлдебір жақсылықтарымен келеді.

Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?

Аяз атаға қатысты сауалнамалық зерттеулерге сүйенсек, оған балалар 5 жасар кезінде көбірек сенеді екен. Өсе келе балаларда сыйлық таратушы адамға күмәндана бастайды. Бүдіршіндердің көбі 8-9 жасында Аяз атаның кейіпкер екенін ұғады екен.

Мысалы 5-7 жасар балалар әлі де қиял әлемінде болғандықтан, мерекелік көңілмен Аяз атаға сенеді. Үлкендер ойындар ұйымдастырып, Аяз атаның рөлінде ойнаса, балалар ойын барысында оған иланғандай болады. 

Түйіндей айтқанда, қазіргі балалардың көбі Аяз атаның шын кейпін біледі, бірақ мерекелік дәстүр әрі әсер үшін сенулерін жалғастырады. 

Оған балалар неліктен сенеді?

Неге балалар осындай шындыққа жанаспайтын әңгімелерге шын мәнінде сенеді? Зерттеулерге сәйкес, елімізде ата-аналардың 74%-ы балалардың Аяз атаға деген сенімін қолдайды. Ата-аналардың басым бөлігі Аяз атаға хат жазуға көмектеседі, оларды жіберу үшін мұздатқыштарды, пошта жәшіктерін қолданады. 32%-ы кәсіби Аяз атаны шақырады, ал шамамен жартысы (49%) қойылымдар ұйымдастырып, іздер қалдырады немесе шыршаның астына сыйлықтар қояды.

Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?

Бірақ балалар неге Аяз ата мен Санта-Клаусқа қатты сенеді? Атақты Киль университетінің психология оқытушысы Рохан Капитанның пікірінше, мәселе баланың аңғал сенгіштігінде емес. Балалар ертегілерге (біреу атмосфераны қолдап отырған жағдайда) иланады. Балалар ғажайыпқа, ересектердің өздері де оған мүдделі екенін көрген кезде сенеді екен. Рәсімдер сөзден де ықпалды куәлік бола алады. Мысалы, рождестволық мерекелер ересектердің ұзақ әрі қымбат мәдени рәсімге өз еркімен қатысып жүргенінің тамаша көрінісі. Рохан Капитанның зерттеулерінше, рәсімдермен байланысты кейіпкерлердің көбі «шынайы бейне» ретінде қабылданады екен. Балалар оларды тіпті жатжерліктер мен динозаврлардан да шынайырақ деп санайды.

moreulybok.kz

(Фото: moreulybok.ru)

Түйін

Бүлдіршіндер заман қалай өзгерсе де бала болып қалады. Сыйлық әкелетін, алыста тұратын, ақ сақалды мейірімді атаның барына, қиялы ұшқыр, жаны қызыққа құмар, көңілі пәк сәбилер кіршіксіз сенеді. Оған хат жазып, сыйлық алу үшін жыл бойы өздерін тәртіпті ұстауға тырысады.

Зерттеулер көрсеткендей, Аяз ата бар дегенге балалардың илануы ата-анасына байланысты.

Бүлдіршіндерге ұмытылмастай әсер тарту ету үшін таңғажайып кейіпкерлер қажет-ақ. Сондай кейіпкердің бірі – Аяз ата. Сол себепті қандай заманда да, Аяз ата әр адамның балалық шағының бір естелігі болып қала беретіні анық.

Соңғы жаңалықтар