Қоғам • Бүгін, 16:12

Мерекені қалай қолжетімді бағаға тойлауға болады?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаңа жыл − қуанышқа, жылылыққа және ғажайып сәттерге толы мереке. Алайда дәл осы кезеңде шығын көлемі айтарлықтай артып кететіні жасырын емес. Соған қарамастан, мерекеден бас тартпай-ақ, оны ақылмен және үнеммен ұйымдастыруға болады. Қымбат мейрамханалар мен артық шығындарсыз да жаңажылдық демалысты көңілді әрі есте қаларлықтай етіп өткізу әбден мүмкін. Бұл мақалада мерекені қолжетімді бағаға ұйымдастырудың тиімді жолдарын айтамыз.

Мерекені қалай қолжетімді бағаға тойлауға болады?

Таза ауада көбірек уақыт өткізіңіз

Жаңа жылды және демалысты міндетті түрде қымбат мейрамханаларда қарсы алу шарт емес. Керісінше, далаға шығып, тегін немесе арзан ойын-сауық түрлерін таңдаған әлдеқайда тиімдірек.

Мысалы:

  • Коньки тебу;
  • Қысқы саябақтарда серуендеу;
  • Жаңажылдық жәрмеңкелерді аралау;
  • Тегін шеберлік сабақтарына қатысу;
  • Шаңғы тебу;
  • Балалармен немесе отбасымен мұз айдындарына бару. 

Мұндай демалыс пайдалы, әрі көңілді өтетіні анық.

з

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Қысқа сапарға шығыңыз

Егер жаңажылдық демалыста саяхаттауды жоспарласаңыз, бюджеттік нұсқаларды қарастырыңыз. Ұшақ билеттері мен қонақүйлердің бағасын салыстыратын сайттарды пайдаланып, алдын ала бронь жасап, жеңілдіктерді қадағалауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ пойызбен немесе автобуспен жақын қалалар мен өңірлерге баруды ойластыруға болады. Көбіне көрші қалаға жасалған қысқа әрі мазмұнды сапар ұзақ, бірақ қызықсыз демалыстан кем әсер қалдырмайды.

Сыйлықты өз қолыңыздан дайындаңыз

Сыйлық сатып алу – ең көп шығындалатын тұстардың бірі. Қымбат заттардың орнына қолдан жасалған сыйлықтар дайындап көріңіз.

Бұл тәттілер, ашықхаттар, әшекейлер немесе тоқыма бұйымдары болуы мүмкін. Мұндай сыйлықтар арзан ғана емес, сонымен қатар ерекше әрі жүректен шыққан сыйлық болып саналады.

ъ

Қолдан жасалатын сыйлықтарға бірнеше идея:

  • Шырша ойыншығы – ерекше безендірілген ойыншық;

  • Тоқыма бұйымдар – шарф, қолғап немесе шұлық;

  • Фотосурет жақтауы – қарапайым рамканы сәндеу;

  • Қолдан тәтті торт немесе бәліш пісіру;

  • Декоративті жастықтар;

  • Гүл құмырасы;

  • Блокнот немесе күнделік;

  • Постерлер мен суреттер;

  • Жеке күнтізбе.

Ең бастысы – көңіл бөлу. Шын ниетпен жасалған кез келген сыйлық жақсы әсер қалдыратыны сөзсіз.

Жеңілдіктер пайдаланыңыз

Жаңа жыл қарсаңында көптеген дүкендер жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар жасайды. Азық-түлік пен сыйлықтарға арналған акцияларды алдын ала бақылап отырған жөн.

Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?

Интернет-дүкендерде баға көбіне тиімді болады. Онлайн платформалардан да қызықты әрі арзан тауарлар табуға мүмкіндік бар.

Үйде мерекелік атмосфера жасаңыз

Үйде достармен немесе туыстармен бас қосу – ең жылы әрі есте қаларлық сәт. Тамақ пен сусын шығынын бөлісуге, бірге ас дайындауға болады. Бұл тек қаржыны үнемдеп қана қоймай, бірлік пен көңілді атмосфераны қалыптастырады.

Сонымен қатар үйде:

  • Жаңажылдық фильмдер көру;

  • Үстел ойындарын ойнау;

  • Гитарамен шағын концерт ұйымдастыру

з

Ең бастысы − тыныштық ережесін сақтап, көршілерге қолайсыздық тудырмау.

Мерекенің сәні жұмсалған ақшаның көлемімен емес, бірге өткізген уақыт пен шынайы көңілмен өлшенеді. Қарапайым идеялар, алдын ала жоспарлау және шығармашылық көзқарас арқылы жаңа жылды да, кез келген мерекені де қолжетімді бағаға әрі ерекше өткізуге болады. 

Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?

Соңғы жаңалықтар