23 Наурыз, 2015

Виллаш-Боаш Аршавин мен Кержаковты қосалқы құрамға жіберді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-kerjakov-1

АСТАНА. 23 наурыз. Санкт-Петербургтің «Зенит» командасының бас жаттықтырушысы Андре Виллаш-Боаш шабуылшы Александр Кержаков пен жартылай қорғаушы Андрей Аршавинді қосалқы құрамның қарауына жіберді. Бұл туралы Piter.tv хабарлады. Енді екі ойыншы да қажетті ойын практикасын алу үшін команданың жастар құрамында жаттығады. «Зениттің» шабуылшысы Александр Кержаков пен жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин апта бойына Вячеслав Радимовтың қарамағында «Зенит-2»-мен бірге жаттығады», - делінген хабарламада. Арнаның мәліметінше, команда ұстазы Андре Виллаш-Боаш мұндай шешімге ардагерлердің өздерімен сөйлескеннен кейін келген. Бас жаттықтырушы бұрынғысынша олардан үлкен үміт күтеді. Бұдан басқа, «Зенит» Мәскеудің «Динамосын» жеңгеннен кейін португал маманы ұлттық құрамаға тартылмаған ойыншылардың барлығына 6 күн демалыс берді. Дамир Қожамқұл. Мәнбе, рәсім: Piter.tv.