Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Аталған норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Квота мал басын пайдалану арқылы ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді. Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тоннаны құрайды.
Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты. Нақты айтқанда, 5 000 бас ірі қара етін бордақылайтын кәсіпорынға немесе жеке тұлғаға – 1 000 тонна, ал 10 000 басқа – 2 000 тонна, 15 000 бас бойынша – 3 000 тонна, 20 000 басқа – 4 000 тонна, 50 000 бас бойынша – 10 000 (он мың) тонна көлемінде квота беріледі.