Таңертеңнен бастап көше-жол желісін тазалауға шамамен 3 000 жол жұмысшысы мен 1 400-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүріп жатыр.
Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына жалпы көлемі 1 376 655 текше метр қар шығарылды. Бұл 105 413 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.
Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Қыс мезгілі басталғалы бері шамамен 4 000 тонна техникалық тұз пайдаланылды. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр.
Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.