Заң мен Тәртіп • Кеше

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде букмекерлік кеңселерге, тотализаторларға, ұялы байланыс операторларына қойылатын талап қатаңдайды. Ережені бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынады, деп жазады .Egemen.kz

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Фото: ашық дереккөз

Бұл өзгерістер «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу туралы» заңда қарастырылған. Құжатқа 30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Енді букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ұтыс төлеу операцияларын бірыңғай есепке алу жүйесінде толық көрсетуге міндетті. Аппараттық-бағдарламалық жүйелер де осы жүйемен біріктірілуі тиіс. Бұл талап орындалмаса, орта бизнеске 300 АЕК, ал ірі компанияларға 1 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Кей жағдайда лицензия уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Ұялы байланыс операторларына да жауапкершілік күшейтілді. Егер олар халықтың телефондарына құмар ойындарды жарнамалайтын SMS-хабарламалар таратса, айыппұл төлейді. Айыппұл көлемі оператордың бизнес санатына байланысты белгіленеді.

Атап айтқанда, шағын операторларға – 50 АЕК, орта бизнеске – 100 АЕК, ал ірі операторларға 500 АЕК айыппұл қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар