Алматы • 01 Қаңтар, 2026

Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының ботаникалық бағы қосымша құн салығына байланысты кіру билеттерінің бағасын өсірді, деп жазады Egemen.kz.

Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті

— 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңартылған Салық кодексіне сәйкес ҚҚС негізгі мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаяды. Осыған байланысты, ҚҚС билет бағасына кіретіндіктен, Бас Ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны өзгереді, — делінген хабарламада.

Енді ботаникалық баққа кіру ақысы:

• ересектер үшін — 932,14 теңге;

• зейнеткерлер мен оқушылар үшін — 466,07 теңге;

• студенттер үшін — 745,71 теңге болады.

Әкімшілік тиынмен есеп айырысуға байланысты келушілерге қолайсыздық туындауы мүмкін екенін ескертіп, кешірім өтінді. 

Қазіргі уақытта Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірге қызмет көрсету тарифтерін тиынсыз форматқа көшіру мәселесі пысықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар