Фото: findhow.org
Нөмірлердің құны қанша болады?
Мемлекеттік нөмірдің түріне қарай төлем мөлшері де әртүрлі болады:
Егер автокөлік иесі өзіне ұнайтын кез келген сандар мен әріптердің жиынтығын алғысы келсе, 10 АЕК (43 250 теңге) төлейді.
«Айналы» нөмірлердің құны 15 АЕК-ті құрайды.
Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды
Жоғары сұранысқа ие нөмірлер үшін бөлек тарифтер бекітілген. Ең қымбат санатқа келесі нөмірлер жатады:
- 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары және олармен бірге келетін бірдей әріптер.
Мұндай нөмірді тағу үшін 285 АЕК көлемінде салық төлеу қажет. Бұл шамамен 1 230 000 теңге.
Ескерте кетейік, 2026 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері 4 325 теңге болып бекітілген.