Әлем • 02 Қаңтар, 2026

Пиротехниканың зардабы: Жаңа жыл түні Италияда 280-нен астам адам ауруханаға түсті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні мерекелік пиротехниканы қолданудың соңы қайғылы жағдайларға ұласты. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің мәліметінше, жарылыстар салдарынан бір адам ажал құшып, жүздеген тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пиротехниканың зардабы: Жаңа жыл түні Италияда 280-нен астам адам ауруханаға түсті

Фото: istockphoto.com

Ресми деректерге сүйенсек, мереке түні пиротехникалық бұйымдардың ақауы мен абайсыз қолдану салдарынан 283 адам зардап шеккен. Ең өкініштісі, ел астанасы Рим қаласында 63 жастағы ер адам сапасыз пиротехниканың жарылуынан оқиға орнында көз жұмды.

Жарақат алғандардың жай-күйі де алаңдатарлық:

  • 54 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
  • Зардап шеккендердің арасында 68 кәмелетке толмаған бала бар.

Десе де Италияның Ішкі істер министрлігі биылғы көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда сәл де болса төмендегенін атап өтті. Мәселен, өткен жылғы мерекеде жарақат алғандар саны 309 адамға жеткен болатын.

Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті

Соңғы жаңалықтар