24 Ақпан, 2015

Құттықтау жеделхатын жолдады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Мартин Мюр­реймен жекпе-жектегі жеңіс мақ­сат­керліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетінің арқасында планетадағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді. «Қазақстандықтар сенің әр­бір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отан­дық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтере­тініне, өскелең ұрпаққа үлгі бола­ты­нына сенімдіміз», – делінген жеделхатта. Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.