Денсаулық • 05 Қаңтар, 2026

ТЖМ тікұшағы кішкентай нәрестені орталық ауруханаға шұғыл жеткізді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қаңтарда санитарлық авиация желісі бойынша Жезқазған – Қаражал – Жезқазған бағыты бойынша Ми-8 АМТ тікұшағымен (МИ-882 борты) санитарлық әуе рейсі орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ тікұшағы кішкентай нәрестені орталық ауруханаға шұғыл жеткізді

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу бір жасар сәбиді шұғыл тасымалдау мақсатында жүзеге асырылды.

«Науқастың жағдайы жедел арнайы медициналық көмекті қажет етті, сондықтан санитарлық авиацияны қолдану туралы шешім қабылданды. Экипаж бен санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. Науқас дәрігерлерге тапсырылып, мамандардың бақылауына алынды», делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар