Сурет ашық дереккөзден алынды
Ол кезде жарнамалар әдетте 30–60 секундтан аспайтын. Ал «Chanel» алғаш рет иіс су жайында 3 минуттық қысқаметрлі көркем туынды түсіреді. Ең қызығы бұл жарнама сатылымды көбейтуді көздемеген. Онда компания брендтің философиялық мәнін ашуға тырысады. Жарнамаға сол кездегі ең танымал, сұранысқа ие актирса Николь Кидман таңдалған, бірақ онда ол жарқыраған тұлға ретінде емес, атақ-даңқтан, көпшіліктен шаршаған, шынайы сезім іздеген адам образында көрінеді. Осы арқылы адамдарға «Chanel»-ді ұмытпастай әсер қалдырады.