Ғалам ғажаптары • 06 Қаңтар, 2026

Театрдағы тапқырлық

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1911 жылы Эдинбургтегі «Empire Palace» театрында спектакль жүріп жатқан кезде кенет түтін тұтап, өрт басталады. Бір қызығы, театр директоры дүрліккен жұртты бір сәтте сабасына түсіреді.

Театрдағы тапқырлық

Сурет ашық дереккөзден алынды

Өрттің басталғанын көрген көрермен қорыққаннан бірін-бірі басып-шаншып, айқай-шу шығарып есікке қарай ұмтылады. Сол кезде директор адамдарды сабырға шақырып, тезірек ғимараттан шығару үшін ерекше тәсіл табады. Ол бұндайда жұрттың «тынышталыңыздар» деген сөзді тыңдамайтынын біліп, оркестрге гимн ойнауға пәрмен береді. Сонда көрермендер ескі әдетпен әнұран ойнағанда орнында қатып тұра қалады. Осы сәтті пайдаланған директор көпшіліктің назарын аударып: «тәртіп сақтап, бір-бірімізге зиян келтірмей шығайық», деген сөзін айтып үлгереді. Осылайша, дененің автоматты рефлексінің арқасында ешкім зардап шекпеген.

 

Соңғы жаңалықтар