Қоғам • Кеше

Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік саладағы алаяқтық пен негізсіз қаржыландыру мәселесін қатаң сынға алды. Үкімет басшысы Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау үшін бір апта уақыт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр әлеуметтік сала мемлекет үшін басым бағыт болып қала беретінін, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатынын жеткізді. Алайда, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау мен бизнестегі алаяқтыққа жол берілмейтінін баса айтты.

Олжас Бектенов өз сөзінде жекеменшік секторды қаржыландырудағы заңсыздықтарды тоқтатуды талап етті:

«Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса, бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім. Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», деді Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек, Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларды болдырмау үшін кешенді шаралар әзірлеуді жүктеді. Мемлекеттік қолдау тек заңды және мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс екені ерекше аталды.

Соңғы жаңалықтар