Фото: Depositphotos.com
Оның айтуынша, бұл ел халқының 99%-ын сапалы байланыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі үйлерге оптика желісін жеткізу бойынша «соңғы миль» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
«Осы жоба аясында 400 мыңға дейін үй шаруашылығына оптика құрылысы көзделіп отыр. Қосымша 2,5 млн адам қамтылады. Әкімдіктерден оптикалық кабельді ілу үшін электрмен жабдықтау тіректеріне қолжетімділікті қамту, ұйымдастыру талап етіледі», деді Жаслан Мәдиев.Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 5G байланысын дамыту цифрлық трансформацияның басымдықтарының бірі болып қала береді.
«Қалалар аумағын 75%-ға дейін қамту үшін жаңа 5G базалық стансаларын орнату жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ күре жолдарды мобильді байланыспен қамту бойынша жоба іске қосылды. Бұл республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым жолды құрайды. Жобаны алдағы екі жылда аяқтау жоспарланып отыр», деді вице-премьер.
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады