АҚТАУ. 24 ақпан. Биыл Ақтауда баспана кезегінде тұрғандар үшін 120 пәтерлі үш тұрғын үй, жас отбасылар үшін 60 пәтерден тұратын екі тұрғын үй кешені және азаматтардың барлық санатына арналған көп пәтерлі бес үй салу жоспарланған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақтауда баспана құрылысы республикалық бюджет және бюджеттік несие қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл жұмыстар үшін биыл 4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 3-ші шағын ауданда орналасқан 15 апатты үйдің де мәселесі шешіліп, жыл соңына таман мыңнан астам отбасы баспаналы болады деп күтілуде.
Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршиннің айтуынша, биыл апатты үйлерді сүру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру аясында тұрғын үй салу бағдарламасы іске қосылмақ. Ақтаудағы апатты деп танылған үйлердің жалпы аумағы – 7,9 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы 6 жылда 370 пәтердің тұрғындары жаңа баспанаға қоныс аударады.
– Ақтау қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндірістік-қойма нысандары, көрме орталығы мен тағы дабасқа нысандар орналасқан индустриялды аймақ ашылады. Қазір өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобасы әзірленуде, дейді Ақтау қаласының әкімі.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: el.kz.

Маңғыстау-Семей пойызында жолаушылар тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54