Осында қазақ халқы туралы:
«Бұл халықтың жүріс-тұрысында, мәдениетінде де өзгешелік бар деп айтылып келеді. Бұны олардың әйелдеріне қарата айтуға болады. Қазақ әйелдері ақылмен ел басқару ісіне де араласа алады. Сонымен қатар олар күйеулері жортуылдан оралғанда барымтаға әкелген күңдерге де аса жанашырлық танытады. Қазақ әйелдері отбасында ер адамнан қоқан-лоқы көрсе, төркініне кетіп қалуға бейім тұрады. Олардың күнделікті жұмысы ретінде мал бағу, тері илеу, жүннен киім тігу секілді шаруаларды айта аламыз. Қазақ халқының дастарқаны мол. Олар үшін еттің майы мен сары майды жұта салу қиынға соқпайды. Барлық басқа татарлар сияқты, бұл халық та насыбайға тым әуес, сонымен қатар оның ұнтақ түрін тұтынады. Өйткені ондай насыбай адамның басына тез әсер етеді» деген дерек жазылған.