Саясат • 10 Қаңтар, 2026

Тікелей сұхбаттастықтың пайдасы

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халық арасына шығып, жергілікті жағдайды көзбен көріп, қолмен ұстаған адам ғана елдің бүгінгі ахуалын жете сезініп, шешімін күткен мәселенің мәнісін ұғына алса керек. Дәл осы мақсатты көздеп, өңірлерге сапарға шыққан Сенат депутаттары да кешелі бері бірқатар кездесу өткізіп, елдің өтінішін тыңдап қайтты. Қоғамда қордаланған тұйткілдерді Парламент төрінде көтеруге уәде берді.

Тікелей сұхбаттастықтың пайдасы

Сурет: senate.parlam.kz

Сенатор Жанна Асанова Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құ­ра­мымен кездесті. Жиын барысында инклюзивті білім беру ортасын дамыту, оқу-ағарту мен әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдармен қоса азаматтардың барлық санатына қолжетімді әрі тең ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сенат депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Бай­қадамовтың Қызылорда облысына жұмыс сапарының бас­ты тақырыбы заңнамалық шешім­дерді жүзеге асыру мәселелері, олардың адамдардың өмірі мен мем­лекеттік институттардың жұ­мысына нақты әсері болды. Пре­зидент қабылданатын шешім­дер мен реформалар аза­мат­тардың өміріне нақты әрі ай­қын әсер етуі керектігіне назар аудар­ғаны мәлім. Осыған бай­ланыс­ты сенаторлар су қауіп­сіз­дігі­нен бастап, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфра­құрылым­ға дейінгі негізгі салаларда қабыл­данған заңдардың қалай іске асырылып жатқанын талқылады.

Сенатор Бибігүл Жексен­бай­дың «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау инс­титутының ұжымымен кез­де­суінің негізгі тақырыбы – елор­даның қала құрылысы саясатын ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдей отырып, оны азаматтар үшін жайлы, қауіпсіз әрі өмір сүру сапасы жоғары заманауи астана ретінде дамыту мәселелері бол­ды. Диалог барысында тал­қы­ланған тәсілдер Мемлекет бас­шы­сының жуырдағы сұхбатын­дағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және мем­лекеттік саясатты ұзақмерзімді нәтижеге бағыттауға баса назар аударылған негізгі ойларымен толық сәйкес келетіні айтылды.

Кездесуде елорда аумағын кезең-кезеңімен дамыту мәсе­лелері талқыланды. Әсіресе қала­ның сәулеттік келбетін дизайн-код талаптарына сай қалып­­тастыруға, мәдени-дема­лыс нысандары мен тұрғын үй салуға, әлеуметтік инфрақұ­ры­лымды дамытуға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және көлік жүйесін жаңғыртуға айрықша назар аударылды.

Депутат Серік Шайдаровтың Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары барысында өңірлерді тұрақ­ты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік инфра­құры­лымның жағдайы басты назарға алынды. Мемлекет басшысы жуырдағы сұхбатында өңірлерді дамыту тұрғындардың нақты сұраныстарына сүйенуі керек­тігіне, ал қабылданатын шешім­дер іс жүзіндегі әлеумет­тік-экономикалық нәтиже беруге тиіс екеніне назар аударғаны белгілі. Осыған байланысты жергі­лікті өзін-өзі басқару орган­дары­ның өкілдерімен тікелей диалог орнатудың маңызы зор екені айтылды.

Сенатор аудандық мәслихат депутаттарымен және Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу аясында Парламенттің заң шығару қызметінің басымдықтары, қара­лып жатқан заңнамалық баста­малар және аумақтардың тең­герім­ді дамуын қамтамасыз етуге бағыт­талған мемлекеттік саясат тетіктері туралы ақпарат берді.

Кездесуге қатысушылар аудан үшін өзекті әлеуметтік-эконо­микалық мәселелерді айқын­дады. Атап айтқанда, кәсіп­керлікті қолдау шараларын жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, білім сапасын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұсыныстар әңгіме арқауына айналды.

Кейінгі күндері Сенат депутаттары өзге де өңірлерге ат басын бұрып, жергілікті жағдай­мен танысып жатыр. Атап айтқанда, Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласында, Марат Қожаев Екібастұз қаласында, Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысында, Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысындағы Түпқараған мен Мұнайлы аудандарында, Жанболат Жөргенбаев пен Зәкіржан Кузиев Алматы облысында, Нұртөре Жүсіп Алматы қаласында, Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова Абай облысында, т.б. аймақтарда түрлі өндірістік орындар мен мем­лекеттік, қоғамдық мекемелердің ұжымдарымен жүздесіп, күн тәртібіндегі мәселелер жайында пікір алмасып, оларды шешу жолдарын талқыға салды. 

Соңғы жаңалықтар