«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:55

Тәртіп бар жерде тазалық болады

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Тәртіп бар жерде тазалық болады

Жиында өңірдің 10 ауданы мен 10 ауылына салтанатты түрде JINMA 904A маркалы 20 жаңа трактордың кілті табыс­талды. Байқау үздіктері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында интернетпен қамту, абаттандыру мен көгалдандыруда креативті әдіс қолдану, тұрмыс­тық қалдықтарды тазалау, халық­тың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды, туризмді, саябақтар мен жасыл желектерді дамыту, үлгілі ауыл, тәртіп пен заңды, мәдени мұраны сақтау, елді мекендер ара­сындағы жолдардың сапасын жақсарту, сенбілік өткізу, халықты экологиялық іс-шараларға белсен­ді тарту, маңызды нысандармен қамтамасыз ету, инвестиция тарту, экономикалық әлеуетті нығайту, қоғамдық орындардың тазалығы, меценаттармен белсенді жұмыс бағыттарында 20-ға жуық аталым бойынша анықталды.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли тазалық мәдениетін қалыптастыру әр тұрғынның жеке жауапкершілігі екенін баса айтты.

– Өңір экономикасы, өнері мен мәдениеті, экологиясы мен тазалығы – баршамызға ортақ. Тазалық дегеніміз – жылына бір рет сенбілікке қатысу емес, өңірде қалыптасуға тиіс мәдениет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде «Қалалар мен ауыл­дардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы ең алдымен басқаға емес, өзімізге керек», деп айрықша атап өтті. Туған жеріміздің түлегені, тұрған ортамыздың тазалығы – әкімдік пен коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір отбасының жауапкершілігі. Бүгінгі марапат – сіздердің бірліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыздың жемісі. Сіздер өз ауылдарыңызды абаттандырып, көгалдандыру арқылы өзгелерге үлгі көрсет­тіңіздер. Байқауға қатысып, бел­сенділік танытқан елді мекендерге 20 жаңа трактордың кіл­тін табыстап отырмыз. Техника­лар ауылдарыңыздың гүлденіп, таза әрі жайлы болуына қызмет етеді деп сенемін. Бұл байқауды дәстүрге айналдырып, келер жылдары да жалғастырамыз. Тазалық акциясына қатысқан қарапайым азаматтарды назардан тыс қалдырмай, ынталандырып, марапаттап отырамыз, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі жыл басында өңір тұрғындарына арнайы бейнеүндеу жасап, жалпыөңірлік сенбілікке белсенді қатысуға шақырып, жыл соңында арнайы байқау өткізіліп, жеңімпаздар анықталатынын айтқан еді. Бұл жиын сол бастаманың нәтижесі. Енді бұл 20 елді мекеннің мұртын балта шаппайды, қыста жолды қар басады деп қысылмайды, көктемгі қар суынан да саспайды – техниканың аты техника. Үлкендердің айтуынша, бұрынғы кезеңде қыста жолды қар басу, көктемде су басу жағдайлары сирек болатын. Өйткені техниканың күшіне сүйенетін, сенетін.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Тазалық науқанына 349 мыңнан астам тұрғын атсалысып, 52 мың тонна қалдық шығарылды. 70 мыңнан астам көшет егілді. Ғарыштық мониторинг арқылы анықталған 191 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар