Жеңіл атлетика • Кеше

Үздіктер Астанада анықталды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан еліміздің XXXV қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті. Республиканың 18 өңірінен жиналған спортшылар үш күн бойы сайысқа түсіп, 31 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Үздіктер Астанада анықталды

Көпшілік назарында жүрген жеңіл атлеттер жайында айтар болсақ, жарыстың алғашқы күні 1500 метрге жүгіруде Нора Джеруто шашасына шаң жұқтырмады. Кениядан келген легионер бұл күндері Шығыс Қазақстан облысы атынан сынға түсіп жүр. Ол – 2022 жылғы әлем чемпионы, Гауһар лигасының алты кезеңінің, финалдық сериясының же­ңімпазы. Бұл қашықтықта күміс пен қола медальды Дарья Миллер (Алматы) мен Аяна Болатбекқызы (Жетісу) иеленді. 60 метрлік сайыста Азия ойындарының жеңім­пазы, құрлық чемпионы Ольга Сафронова (Павлодар) алдына жан салмады. 400 метрлік бәсекеде Азияның үш дүркін чемпионы Аделина Земстің (Қарағанды) бағы жанды. 1 500 метрге жүгіруде Бауыржан Райымбаевқа (Маңғыстау) тең келер ешкім табылмады.

Келесі күндер де шиеленіс­ті бәсекелерге толы болды. 3 мың метрлік сайыста да Нора Дже­руто өзінің мықтылығын дәлелдеді. Ерлер арасындағы дәл осы қашықтықта Камиль Салихов (Ұлытау) үздік шықты. 800 метрге жүгіруде Ақбаян Нұрмәмет алдына жан салмады. Осылайша, Жетісу облысынан келген ару аталған жарыста алтыншы рет бас жүлдені олжалады. Сондай-ақ жеңімпаздар қатарында Алмат Төлебаев (60 метр, Алматы), Эльнор Мухитдинов (400 метр, ШҚО), Алина Чистякова, Алина Чистякова (ұзындыққа секіру, Қарағанды), Ирина Конишева (ядро лақтыру, Алматы), Антон Боднар (биіктікке секіру, Түркістан), Никита Изотов (800 метр, СҚО), Иван Товченик (сырықпен секіру, Алматы), Мария Ефремова (үш қарғып секіру, Қарағанды), Зелимхан Насыров (үш қарғып секіру, Ақмола) сынды спортшылар бар.

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15