Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең қымбат автопортрет

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі суретші Фрида Калоның автопортреті аукционда 54 миллион 600 мың долларға сатылды. Бәссауданы Нью-Йоркте «Сотбис» (Sotheby’s) аукцион үйі ұйымдастырған.

Ең қымбат автопортрет

Сурет ашық дереккөзден алынды

Картинада бұлттардың арасындағы төсекте қалғып жатқан бейне және оның үстінде адам қаңқасы суреттелген. Бұл ­туынды әйел суретшілер еңбектерінің ішінде ең қымбат сатылған жұмыс ретінде рекорд жаңартты. 1940 жылы салынған шығарма аукционға дейін 40–60 миллион доллар аралығында бағаланған.

 

Соңғы жаңалықтар