Сурет ашық дереккөзден алынды
Бізге таңсық көрінгенімен, бұл дәстүр Жапонияда 2006 жылы басталған. Сол уақытта теміржол компаниясы туристерді тарту мақсатында Тама есімді мысықты сәндеп киіндіріп, жолаушыларды қарсы алу міндетін жүктеген. Осы бір маркетингтік тәсіл шағын бекетке келушілер санын күрт көбейтіп, жергілікті экономикаға 1 млрд иеннен астам пайда әкелген. Осылайша, «Wakayama Electric Railway» компаниясы қымбат жарнамаға жүгінбей-ақ, креативті қадам арқылы ел назарын аударып, кірісті арттыруға болатынын дәлелдеді.