Қоғам • Кеше

Елімізде мал өсірушілер одағы құрылып, жұмысын бастады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал шаруашылығы саласының қатысушыларының мүдделерін үйлестіру және қорғау мақсатында жаңа салалық бірлестік құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде мал өсірушілер одағы құрылып, жұмысын бастады

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бірлестік құрамына республикалық салалық палаталар, ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бордақылау алаңдары, асыл тұқымды шаруашылықтар, ет өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ өндірістік тізбектің әртүрлі кезеңдерінде – өсіруден бастап өңдеу мен өткізуге дейін қызмет атқаратын фермерлік қожалықтар еніп отыр.

Қазақстан Мал өсірушілер одағының директоры Даурен Салықовтың айтуынша, Одақ құру туралы шешім кәсіби қауымдастықтың сала ішіндегі өзара іс-қимылды жүйелеу және мал шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері бойынша бірлескен ұстаным қалыптастыру қажеттілігіне жауап ретінде қабылданған.

«Одақ қызметінің басым бағыттарының бірі – шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды қолдау. Жаңа алаң фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларына, қаржыландыруға, салалық сараптамаға және өткізу нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ нарықтың ірі қатысушыларымен өзара іс-қимылды және кооперацияны дамытуды жеңілдетуге мүмкіндік береді», деді Дәурен Салықов.

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жіті бақылау қажет – Бибігүл Жексенбай

Жалпы алғанда, Одақтың қызметі саланың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған: мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, шаруашылықтардың экономикалық тұрақтылығын нығайту, қайта өңдеу мен экспорттық бағыттарды дамыту.

Аталған бірлестіктің жұмысы мал шаруашылығының үйлесімді дамуына ықпал етіп, отандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтады деп күтіліп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мал шаруашылығының әлеуетін барынша пайдалану қажет

Соңғы жаңалықтар