Саясат • Кеше

Көлеңкелі экономикаға тосқауыл болатын платформа

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесіне қатысты жиын өтті.

Көлеңкелі экономикаға тосқауыл болатын платформа

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына тиісті KPI енгізілді. Көлеңкеде қалу қаупі зор сауда, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы секілді секторларда салалық жол карталары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, салалық жол карталарын жүзеге асыру, алдын алу шараларының тиімді болуына мүмкіндік берді. Айналымдарды заңдас­тыру бо­йынша белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді. Мысалы, ішкі саудада көлеңкелі айналым деңгейі 3,54%-дан 2,97%-ға дейін, білім беруде 1,52%-дан 1,1%-ға дейін, ауыл шаруашылығында 1,88%-дан 1,73%-ға дейін төмендеді. 2024 жылдың қорытындысына қарайтын болсақ, ІЖӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі 16,71%-ға қысқарды. Өткен жылдың қорытындысы биылғы жылдың тамыз айында шығарылады.

Цифрландырудың қарқынды дамуы мен цифрлық арналарды пайдалану арқылы жаңа көлеңкелі схемалардың пайда болуы шашыраңқы салалық жол карталарынан көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың бірыңғай кешенді жоспарын қалыптастыруға көшу туралы шешімге алып келді. Smart Data Finance негізінде мемлекеттік орган­дардың ақпараттық жүйе­лерін біріктіретін әрі деректерді тал­дау мен өңдеуде жасанды интеллект құралдарын қолданатын цифрлық платформа құрылады.

Цифрлық платформа са­лық, кеден, еңбек және сала­лық жүйелердің дерегін салыс­тыруға, сұр схемаларды қолда­нуға бейім анағұрлым осал буындарды анықтауға, сондай-ақ олардың экономика секторлары арасындағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұған қоса ЖИ құралдары Ке­шенді жоспардың орында­луын бақылау мен нысаналы көрсеткішке қол жеткізу тиімділігін бағалауда қолда­нылады.

Кешенді жоспар мен цифрлық платформа Үкіметтің көлеңкелі операциялар өрісін тарылту жөніндегі дәйекті жұмысының келесі кезеңі болады. Көлеңкеге бейім салаларды цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізі­ліп жатыр. Тауарлардың ұлт­тық каталогі, отандық өндіру­шілер­дің тізілімі, тауарларды таңбалау мен қадағалау, цифрлық теңге мен цифрлық ҚҚС енгізі­ліп, ЭШФ барлық жерде қолда­нылады.

Сұр схемалардың қолда­нылуына анағұрлым осал сала­ның бірі – саудадағы көлеңкелі айналымды азайтудың қосымша шаралары қабылданып отыр. Нарықтағы қызметті жаң­ғырту мен ретке келтіру баға белгі­леудің ашықтығын артты­руға арналған көтерме сатып алу стан­дартын енгізу есебінен қам­тамасыз етіледі.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекет­тік органдарға Қаржы монито­рингі агенттігімен бірлесіп, бір ай ішінде нақты цифр­лық ше­шімдермен, ұсыныстармен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар