Сурет ашық дереккөзден алынды
Акцияны «Berliner Morgenpost» газеті мен Берлиндегі «Ecosia» компаниясы ұйымдастырып отыр. Өйткені биыл Германияда картоп кейінгі 25 жылда болма-ған деңгейде мол жиналған. Өнім көлемі 13 миллион тоннадан асып кеткен көрінеді. Соның салдарынан өндірушілер артық картопты сақтауға қосымша шығынданып отыр. Берлинге жеткізілген картоп арнайы орындар арқылы тегін таратылып, бір жағынан азық-түлік ысырабын азайтуға, екінші жағынан қала тұрғындарына қолдау көрсетуге бағытталған.