Мәдениет • Кеше

Моцарт пен Шостакович әуені әуелейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Forte trio» мемлекеттік триосы Вольфанг Амадей Моцарттың 270 жылдығына және Дмитрий Шостаковичтің 120 жылдығына арналған музыкалық кешке шақырады, деп жазады Egemen.kz.

Моцарт пен Шостакович әуені әуелейді

«Forte trio» мемлекеттік триосы – еліміздегі ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. Әртістер тек елімізде ғана емес, сонымен бірге шетелде де құрметке ие әрі кеңінен танылған. Шығармашылық ұжымның аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Трионың түрлі оркестрлер, солистер, вокалистер және аспапшылармен бірлескен өнер көрсетулері үлкен жетістікке ие. «Forte Trio» үнемі қазақ өнерін айтулы әлемдік алаңдарда паш етіп келеді.

Айта кетейік, ілгеріректе Моцарттың мінезі хақында мақала жарияланған еді.

Трионың құрамында орындаушылық өнердің әйгілі шеберлері, республикалық және халықаралық байқауларының лауреаттары бар. Ансамбльді белгілі пианист, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев құрған болатын. Ол классикалық ансамбльге скрипканы (Мақсат Жүсіпов), виолончельді (Мұрат Нарбеков) және фортепианоны (маэстроның өзі ойнайды) біріктірді. Аспаптардың құрамы жағынан еліміздегі алғашқы және жалғыз музыкалық ұжым.

Бұл кеште композитор Дмитрий Шостаковичтің дара болмысын айқын көрсететін камералық музыкалық шығармалары орындалады. Туындылар оның ерекше көркемдік стилін, терең драматизм, интеллектуалдық мазмұн және жаңашыл шешімдердің үйлесімін бейнелейді. 23 қаңтар, 19:00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ-ға асығыңыз.

 

Соңғы жаңалықтар