Елбасының Үндеуінен еліміздің кәсіпкерлеріне әкенің балаға жаны ашитындай жақындықты әрі алдағы кездесетін қиындықтардан сақтандыру жағдайын ұқтық. Ешқандай мемлекет көрпесінің шетін тұйықтап, ешкіммен араласпай тұрмайды. Байланыссыз шаруасын оңтайынан келтіре алмайды. Қанша жерден төрт құбыласы тең мемлекет болғанымен, ішкі және сыртқы нарықты реттемей ісі алға жүрмейді.
Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін осы мәселені бізге жиі ескертіп келді. Біз ерте ме, кеш пе Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретінімізді білдік. Мемлекеттік жеңілдіктердің жақсылығын сезінген сайын алда үлкен жауапкершілік барын ұқтық.
Қорқатын түк те жоқ. Мұны мен, әйел заты, бүгінгі күннің тілімен айтқанда шаруа қожалығының басшысы айтып тұрмын. Себебі, Үкімет өз тірлігімді икемдеймін деген азаматтардың қолын қаққан жоқ. Ауыл шаруашылығы салаларына барынша жеңілдіктер берді. Қора салсақ, артезиан құдығын қазсақ, шығарған ақшамыздың жартысын төлеп берді. Өндірген өнімдердің белгілі бір пайызын мойнына көтеріп алды. Соның арқасында жаңа технологияларға қол жеткіздік. Мысалы, менің шаруашылығым көпсалалы. Сауын сиыр, шағын наубайханам бар. Үлкен тауық фермасын аштым. Малды соятын қасапхананы іске қосып жатырмын.
Расы керек, кей-кейде дайын өнімдерімізді өткізетін жер таппай қиналып қаламыз. Өйткені, біз сияқты шағын және орта бизнеспен айналысатын шаруашылықтар көп, тұтынушы аз. Сондықтан, ендігі бәсекеде сапасы жоғары, бағасы төмен тауарларға сұраныс артады. Басқа мемлекеттерге қарағанда жеріміз кең, мал басын өсіруге де, бау-бақша өсіруге де қолайлы. Оның үстіне дүниежүзінде азық-түлікке тапшылық қатты сезіліп келеді. Сондықтан, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біздің шаруаларға қосымша артықшылықтар береді деп ойлаймын.
Гүлсара СЕЙІТЖАНОВА,
«Жаңа жер» шаруа қожалығының төрайымы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 09:09
Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 09:00
Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05