Фото: fingramota.kz
Мамандардың айтуынша, әдейі банкроттық қарыздан құтылудың оңай жолы емес.
«Оңалту және банкроттық туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және Қылмыстық кодекске сәйкес, кінәлі тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады. Бұдан бөлек, олар компанияның қарыздарын өз жеке қаражаты есебінен өтеуге де міндеттелуі мүмкін. Бұл жауапкершілік банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін де сақталады.
2024-2025 жылдары әдейі банкроттыққа қатысты 120 әкімшілік іс және 44 қылмыстық іс қозғалған. Соттар кінәлі тұлғалардан ірі көлемдегі қаржыны өндіріп алу туралы шешімдер шығарған.
Мемлекеттік кірістер органдары енгізген автоматтандырылған талдамалық жүйелер мұндай заңбұзушылықтарды анықтауды және дәлелдеуді бұрынғыдан да тиімді етіп отыр.
Нәтижесінде банкроттық рәсімі жауапкершіліктен қашу амалы емес, керісінше, кредиторлардың құқығын қорғап, әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған заңды тетікке айналды.