Аймақтар • Бүгін, 08:47

Жол қауіпсіздігі ережесі әскерилер үшін де міндет

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әскери қызметшілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру және әскери көлік құралдарын апатсыз пайдалану мақсатында Шымкент гарнизонында профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери техника жүргізушілеріне өткен жылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасы ұсынылып, әскери көліктерді пайдалану кезіндегі негізгі қатер мен жиі кездесетін қателіктер жан-жақты түсіндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол қауіпсіздігі ережесі әскерилер үшін де міндет

Сонымен қатар әскери автомобильдерге маусымдық техникалық қызмет көрсету тәртібі, әртүрлі жол төсемелерінде көлік жүргізудің ерекшеліктері мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелері кеңінен қамтылды.

«Жоғарғы басшылықтың тапсырмасына сәйкес, көлік құралын қауіпсіз айдаудың түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ол дене жарақаты мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қажет. Іс-шараға Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімі әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен 35748 әскери бөлімінің жүргізушілері қатысты. Бұл профилактикалық сабақтар алдағы уақытта қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына оң ықпалын тигізеді деген сенімдеміз», деді әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің офицері, лейтенант Берікқали Қожайбаев.

Қостанайда тәртіп сақшылары балаларға жол қауіпсіздігін үйретті

Алдын алу шаралары аясында автокөліктердің техникалық жағдайы, жарық беру құралдарының, әйнек сүрткіштердің жұмыс істеуі, жазғы дөңгелектердің талапқа сәйкестігі, өрт сөндіргіштер мен медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы, сондай-ақ көлік құжаттарының толықтығы бойынша да сабақтар өтті.

Көлік апатынан болатын адам өлімі 9,4%-ға азайды: Президент жол қауіпсіздігі шараларының нәтижесі туралы

Қорғаныс саласындағы жауапты мамандардың айтуынша аталған дәрістер әскери техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болады.

Елімізде жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Соңғы жаңалықтар