Кино • Кеше

Оскар-2026: Мәртебелі марапаттан биыл кімдер үміткер?

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кино әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі – «Оскардың» 98-ші табыстау рәсімі 15 наурызда өтеді. Америкалық киноакадемия 2026 жылдың үміткерлер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Оскар-2026: Мәртебелі марапаттан биыл кімдер үміткер?
Аталымдар саны бойынша «Күнәһарлар» фильмі дара шықты. Картина бірден 16 аталымға ұсынылып, «Оскар» тарихындағы рекордты жаңартты. Бұған дейін мұндай көрсеткішке жеткен фильмдер саусақпен санарлық еді.
 
«Үздік фильм» аталымында он туынды бақ сынайды. Олардың қатарында «Бугония», «F1», «Франкенштейн», «Хамнет», «Керемет Марти», «Ұрыстан ұрысқа», «Құпия агент», «Сезімге бай құндылық», «Күнәһарлар» және «Пойыздар түсі» бар. Сарапшылардың пікірінше, бұл тізім соңғы жылдардағы ең жанрлық әрі тақырыптық тұрғыдан әркелкі іріктеулердің бірі.
 
Ерлер арасындағы басты рөл номинациясында Тимоти Шаламе «Керемет Марти» фильмі үшін, Леонардо Ди Каприо «Ұрыстан ұрысқа» лентасындағы рөлімен, Итан Хоук «Көгілдір Ай» арқылы, Майкл Б. Джордан «Күнәһар» фильміндегі ойынымен және Вагнер Моура «Құпия агент» картинасындағы бейнесімен үміткер атанды.
 
Екінші пландағы үздік актер аталымында Бенисио дель Торо мен Шон Пенн «Битва за битвой» фильмі үшін, Джейкоб Элорди «Франкенштейн», Делрой Линдо «Күнәһар», Стеллан Скарсгард «Сезімге бай құндылық» туындысымен ұсынылды.
 
Әйелдер арасындағы басты рөлге Джесси Бакли «Хамнет», Роуз Бирн «Қолдан келсе, бір тебер ем», Кейт Хадсон «Арман әуезі», Ренате Рейнсве «Сезімге бай құндылық», Эмма Стоун «Бугония» фильмдері арқылы таласады.
Соңғы жаңалықтар